Иранның Исламдық бағдар министрі: Хафиз әлеуметтік реформатор ретінде тартымды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i31627-Иранның_Исламдық_бағдар_министрі_Хафиз_әлеуметтік_реформатор_ретінде_тартымды
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Хафизді әлеуметтік сыншы және реформатор ретінде Иран қоғамы мен Хафиздің жолдауларын тыңдаушылар үшін тартымды деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 12, 2017 09:42 Asia/Almaty
  • Иранның Исламдық бағдар министрі: Хафиз әлеуметтік реформатор ретінде тартымды

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Хафизді әлеуметтік сыншы және реформатор ретінде Иран қоғамы мен Хафиздің жолдауларын тыңдаушылар үшін тартымды деп атады.

Сейіт Аббас Салехи сәрсенбі күні кешке Иранның оңтүстігіндегі Ширазда өткен Хафизді ұлықтау рәсімінде: «Ол – сындары тек өз заманына ғана қатысты емес, қазір де, ертең де тартымды болатын ағартушы»,-деді.

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі шираздық Хафизді парсы тілі мен мәдениетінің символы әрі көшбасшысы деп атап: «Хафиз жүректерден орын алып, ирандықтардың өмірлерінің шарайнасына айналды»,-деді.

20 меһр, сәйкесінше 12 қазан ИИР-ның күнтізбесінде шираздық Хафизді ұлықтау күні деп белгіленген.

Шамсуддин Мұхаммад бен Бахаеддин Мұхаммад Хафиз – х.қ.ж.с.б. 8 ғасырда, сәйкесінше 14 ғасырда өмір сүрген ұлы ирандық ақын әрі әлемдегі атақты сөз майталмандарының бірі. Хафиз өлеңдерінің көбі ғазал қалыбында. Олар «Хафиз ғазалдары» деген атпен танылған.