Қаз 20, 2017 17:20 Asia/Almaty
  • Велаяти: Күрдістан аймағын Ирактан бөлу жобасы тарихқа айналды

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: "Ирактың Күрдістан аймағын осы елден бөлу жобасы Ирак армиясы Киркук облысының билігін өз қолына алған соң тарихқа айналды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Əли Акбар Велаяти бейсенбі күні: "Ирактың солтүстігіндегі тынышсыздық пен түйткілдер осы ел басшыларының қырағылығының арқасында ең аз шығынмен қантөгіссіз шешілді",-деді.

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Иракта қауіпсіздік орнату үшін Теһранның Бағдадпен əріптестік жасауды жалғастыратынын айтып: "Иран аймақта қарсыласу қозғалысының ошағына айналып, АҚШ пен ислам дұшпандарының қастандықтарын қысқа уақытта залалсыздандырады",-деді

 

Тегтер