Иранның бақылауындағы аймақтағы қауіпсіздік пен қоқан-лоққылар
Иран мен оның бақылауындағы аймақтардың халықаралық конференциясы Иран Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен дүйсенбіден бері Саяси және халықаралық зерттеулер орталығында өтуде. Бұл үш күндік конференцияда зерттеушілер мен сарапшылар Парсы шығанағы, Орталық Азия мен Ауғанстан сынды үш аймақтың әсіресе экономика, даму бағдарламасы мен қауіпсіздік мәселелері салаларындағы оқиғалары мен мәселелерін талқыға салады.
ИИР – Орталық Азия мен Кавказ, Парсы шығанағы, Жерорта теңізінің шығысы мен Оңтүстік-батыс Азия аймақтарының 15 елімен шекаралас санаулы елдердің бірі. Осы аймақтың біріндегі өзгерістер Иранның ұлттық қауіпсіздігіне де әсерін тигізіп келеді.
Иранның көзқарасы бойынша, аймақтан тыс кейбір мемлекеттердің араласу және іріткі салу талпыныстары тек саяси және өз мүдделерін қамтамасыз ету мақсаттарымен іске асырылады. Мұндай араласу аймақтың тұрақсыздығының себебі болады. Өз мүддесін тек дағдарыстар мен бөгделердің араласуының арқасында қамтамасыз етуге болады деп санайтын аймақтың кейбір мемлекеттері аймақтың қауіпсіздік теңгерімін бөгделермен байланыстырады. Бұл мемлекеттер лаңкестікпен күресуді сылтауратып, бөгде мемлекеттермен бірігіп, коалициялар құрып, аймақ елдерінің қауіпсіздік орнату жолындағы талпыныстарын дағдарысқа тіреді. Парсы шығанағы жағалауындағы араб елдерінің қару-жарақ сатып алу үдерісіне жасаған шолу аймақтың қауіпсіздік теңгерімінің өзгеру қарсаңында екенін көрсетті. Бұл өзгерістердің мақсаты – Иранның қауіпсіздік пен қорғаныс салаларын дағдарысқа тіреу. Айта кететін жайт, осыдан бірнеше ай бұрын Трамптың Сауд Арабиясына жасаған сапарында құны 100 миллиард доллардан артатын қару сатып алу туралы келісімге қол қойылды.
Саяси және халықаралық мәселелердің маманы Сейед Ахмад Хосейни Дональд Трамптың әрекеттері мен экстремистік саясаттарына тоқталып: «Мұндай адам (Трамп) басқа елдер, соның ішінде оның билікқұмар мақсаттары мен жоспарларына кедергі болатын ИИР үшін көптеген қатер тудыруы мүмкін»,- деп жазды. Оның пікірінше, тұрақты қауіпсіздікке ынтымақтастық пен өзара келісімдер арқылы жетуге болады. Біреудің рұқсатымен орнатылған қауіпсіздік еш уақытта аймақ мәселелерін шешпейді. Сейед Ахмад Хосейни бір елдің қорғаныс күш-қуаты мен мүмкіндігінің дұшпан мен қаскүнемдердің жоба-жоспарларымен кезіккен жағдайда маңызды рөл атқаратынын қуаттап, саяси, мәдени және жұмсақ соғыс құралдарын пайдаланғанмен, билік факторына немқұрайдылық танытудың әсіресе бейберекеттікке толы Таяу Шығыс аймағының қаупі мен өкінішіне себеп болатынын қуаттады. АҚШ Иранның аймақтағы күші мен ықпалын арттырғысы келмейді. АҚШ-тың Иранға қарсы болуының негізгі себебі Иранның билікқұмар жүйе мен АҚШ-тың аймақтағы араласу саясаттарына қарсы табандылық білдіруі болып табылады.