Қаз 26, 2017 07:48 Asia/Almaty
  • Велаяти: АҚШ-тың Ирак пен Сириядағы жеңілісі жалғаса береді

Ислам Революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі АҚШ-тың Ирак пен Сирияда толығымен жеңіліске ұшырағанын, жеңілістің жалғаса беретінін айтты.

Әли Акбар Велаяти Сирияның Сыртқы істер министрі Фейсал Меғдадпен Теһрандағы кездесуінде сионистердің аймақтағы жоспарларынан үміттерін үзгенін айтып: "Сирияның заңды Президенті  Башар Асадтың батылдығы мен көрегендігі барлық мұсылман және революцияшыл халықтарға әрдайым үлгі болды",-деді.

Ол сондай-ақ, Ирактың заңды үкіметін ұлттық егемендіктерін қалпына келтіруімен және Сирия Үкіметі мен халқын Дэйр эз-Зоурдегі жақындағы жеңістерімен, сонымен қатар Сириядағы кейбір мұнайға бай аймақтарды қайтаруымен Ирак пен Сирия үкіметтерін құттықтады.

Сирияның Сыртқы істер министрі Фейсал Меғдад та осы жүздесуде: "Дүниежүзі АҚШ-тың саясатына қарсы тұрып, Дональд Трамптың Иранды бопсалауы мен Израильдің сионистік режимін қолдап отырған саясатына қарсылық білдіруде",-деді.  

 

 

 

Тегтер