Сақшылар корпусы бір лаңкестік топтың көзін жойды
Қаз 26, 2017 22:36 Asia/Almaty
Ислам революциясы Сақшылар корпусының жаяу әскерінің қоғаммен байланыс бөлімі өзінің хабарламасында Иранның солтүстік-батысындағы Чалдаран аумағында бір лаңкестік топтың көзі жойылып, топ мүшелерінің өлтірілгені туралы хабарлады.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының жаяу әскерінің қоғаммен байланыс бөлімі Иранның солтүстік-батысындағы Чалдаран аумағында бір лаңкестік топтың көзі жойылып, топ мүшелерінің өлтірілгені туралы мәлімдеп: "Қақтығыс барысында лаңкестік топтың көзі толығымен жойылып, төрт лаңкес өлтіріліп, олардың қару-жарақтары, байланыс құралдары мен оқ-дәрілері табылды. Лаңкестік топ Иранның солтүстік-батысына кіріп, сол аймақтың екі тұрғынын шәһид еткен болатын",- деп жазды.