Бруджерди: Иранның зымырандық бағдарламасы талқыға салынбайды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i31986-Бруджерди_Иранның_зымырандық_бағдарламасы_талқыға_салынбайды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің басшысы әлемде қауіпсіздіктің басты мәселе екенін айтып: «Әлемнің барлық елдері әртүрлі жолдармен, соның ішінде зымырандық қабілетін арттыру арқылы өзінің қауіпсіздігін нығайтуды көздейді»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 29, 2017 11:27 Asia/Almaty
  • Бруджерди: Иранның зымырандық бағдарламасы талқыға салынбайды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің басшысы әлемде қауіпсіздіктің басты мәселе екенін айтып: «Әлемнің барлық елдері әртүрлі жолдармен, соның ішінде зымырандық қабілетін арттыру арқылы өзінің қауіпсіздігін нығайтуды көздейді»,-деді.

Алауэддин Бруджерди сенбі күні кешке Иранның «Хабар» арнасына берген сұхбатында Вашингтонның Иранның зымырандық бағдарламасын шектеу үшін жасап жатқан талпыныстарына тоқталып: «Иранның зымырандық сынақтары БҰҰ-ның ешбір қарарына қайшы келмейді»,-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің басшысы зымырандық қабілеттің тежегіш қуатты тудыратынын айтып: «Иранның зымырандық бағдарламасы талқыға салынбайды»,-деп қуаттады.

Бруджерди АҚШ-тың Иран мен Ислам революциясы Сақшылар корпусына қатысты жаңа қатынасына тоқталып: «Вашингтон Иранға қысым жасау арқылы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына өзгеріс енгізуді немесе мүмкін жағдайда оның күшін жоюды мақсат тұтып отыр»,-деді.