Рухани: Иранның қорғаныс күш-қуатының бағдары ешбір халықаралық заңға қайшы емес
(last modified Mon, 30 Oct 2017 03:12:12 GMT )
Қаз 30, 2017 09:12 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның қорғаныс күш-қуатының бағдары ешбір халықаралық заңға қайшы емес

ИИР Президенті Иранның өзін қорғау үшін қажет қару шығару туралы күмәнденбейтіндігіне тоқталып, бұл елдің қорғаныс күш-қуаты бағдарының ешбір халықаралық заңға қайшы емес екенін қуаттады.

Хасан Рухани жексенбі күні Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ғылым, зерттеу және технология министрі мен Энергетика министріне сенім дауысын беру отырысында: "ИИР өз халқының мүдделері және қауіпсіздігін қорғау үшін зымырандық күшін арттыруды жалғастырады",- деді.

Рухани сондай-ақ АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды болмауына сілтеме жасап: "АҚШ бұл ісімен әлемге өзін сенімсіз ел етіп көрсетті",- деді.

ИИР Президенті АҚШ-тың лаңкестік топтарды қолдауын тілге тиек етіп: "АҚШ – аймақ елдеріндегі, соның ішінде Ирак, Сирия мен Ауғанстандағы тұрақсыздықтардың себепкері. АҚШ Иракты бөлгісі келді, бірақ Ирак үкіметі мен халқы, ИИР мен аймақ мемлекеттері Ирактың территориялық тұтастығына сызат түсіруге тосқауыл жасады",- деп баса айтты. 

 

 

Тегтер