Иран мен Катар тасымал мен ұшақ саласында серіктестіктерді кеңейту туралы кеңесті
(last modified Mon, 30 Oct 2017 17:06:03 GMT )
Қаз 30, 2017 23:06 Asia/Almaty
  • Иран мен Катар тасымал мен ұшақ саласында серіктестіктерді кеңейту туралы кеңесті

Иранның Жол және қала құрылысы министрі Иран мен Катар арасында тікелей әуе қатынастары мен Иранның солтүстігі мен Катардың оңтүстігіне қарай транзит мақсаттарында да өте ауқымды сауда байланыстарының бар екенін мәлімдеді.

Аббас Ахунди Теһранда Катардың Жол, тасымал және байланыстар министрі Джассем Бен Ахмад ас-Сулаитимен кездесуден кейін тілшілердің ортасында сөйлеген сөзінде: «Иран мен Катар дәлізін екі елдің тасымалын кеңейту бағытында пайдаланатын мүмкіндік бар. Иран мен Катар арасында екі жақты байланыстар қалыптастырып, қысқа мерзімде екі елдің тасымал салсындағы кең ауқымды мүмкіндігін пайдалануды қарастыру үшін ортақ серіктестік комиссиясын құру жоспарланған» деді.

 

 

Тегтер