Ислам революциясының жетекшісі сионистік режимге қарсы күресті жалғастыру қажеттігін қуаттады
Иран Ислам революциясының жетекшісі Ливанда қарсыласу қозғалысы ғұламаларының әлемдік 2-ші Конгресіне арнаған жолдауында: "Осы үлкен жауапкершілікті түсінетін барлық адамға сионистік режимге қарсы күресті әр түрлі тәсілмен жалғастыруға кеңес беремін",- деп қуаттады.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бұл жолдауында Ливандағы қарсыласу ғұламаларының әлемдік одағының басшысы шейх Маһер Хамудқа: "Палестинаға қатысты ұмытылмайтын әрі ауыр жауапкершілік бүкіл ислам әлемінің мойнында. Исламдық елдердің ғылыми, діни және саяси көрнекті тұлғаларының бұл жауапкершіліктің маңызды бөлімін өз мойындарына алатыны күмәнсіз. Бұл – қасиетті және арты қайырлы болатын күрес. Бұл күресті илаһи уәделер жеңіске жеткізеді. Сіздердің бүгінгі Конгрестеріңіз – үлкен қоғамдық қозғалыстың бір бөлімі",- деді.
Ливандағы қарсыласу қозғалысы ғұламаларының әлемдік 2-ші Конгресі қарашаның 1-2 күндері Бейрутте өтеді.