Иран Манхэттендегі лаңкестік шабуылды айыптады
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Нью-Йорктің Манхэттен ауданында болған лаңкестік шабуылды айыптап, лаңкестікке барлық елдердің ашық қатынас көрсетуін оны тамырымен жоюдың жалғыз жолы деп атады.
Кеше сейсенбі күні Манхэттен ауданында бір көліктің жаяу жүргіншілерді басып кетуі мен сол жерде болған атыс салдарынан 10 адам көз жұмып,15 адам жараланды.
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми сәрсенбі күні осы лаңкестік оқиғаға өкініш білдіріп, құрбандардың жақындарына көңіл айтып: «Бейкүнә әрі қорғансыз азаматтарды көшелер мен қоғамдық орындарда өлтіру ДАИШ сынды лаңкестік топтардың айуандықтарының, рақымсыздықтары мен жабайылықтарының көрсеткіші. Бұл лаңкестердің ешбір заң мен ахлақтық және адами ешқандай принципке берік емес екендіктерін көрсетті. Сұм, адамгершіліктен жұрдай, рақымсыз лаңкестік құбылыс Америка мен оның Таяу Шығыстағы одақтастарының саясатынан тамырланған. Олар бір кезеңдерде осы топтарды тәрбиелеп, қолдау көрсетіп, елдерде бейберекеттік орнатып, сол елдердегі өздерінің мақсаттары мен мүдделеріне жету үшін құрал ретінде пайдалануды мақсат етті» деді.