Иран саудиялық қырғи ұшақтардың Йеменнің Саада қаласына жасаған шабуылын айыптады
Қар 02, 2017 11:16 Asia/Almaty
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы саудиялық қырғи ұшақтардың Йеменнің Саада қаласындағы жазықсыз халыққа жасаған шабуылын айыптады.
Саудиялық қырғи ұшақтар сәрсенбі күні таңертең Йеменнің Саада қаласында орналасқан Сахар ауданындағы «Алаф» базарын бомбалады. Соның салдарынан 30-ға жуық йемендік қаза тауып, ондаған адам жараланды.
Баһрам Ғасеми Йемен халқы мен саудиялық қырғи ұшақтардың Саада қаласына жасаған шабуылында құрбан болғандардың туыстарына көңіл айтып, БҰҰ мен халықаралық ұйымдардың осы әуе шабуылының қырлары мен Сауд Арабиясының жауапкершілігін тексеруі қажеттігін баса айтты.
Тегтер