Теһран-Ашхабадтың сауда-экономикалық байланыстарының көлемін арттыру қуатталды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i32126-Теһран_Ашхабадтың_сауда_экономикалық_байланыстарының_көлемін_арттыру_қуатталды
Иранның Жол және қала құрылысы министрі Аббас Ахунди Иран мен Түркіменстанның 2106 жылғы сауда байланыстары көлемінің бір млрд жеті жүз млн долларды құрағанын мәлімдеп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың көлемін арттыру керектігін баса айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 06, 2017 17:34 Asia/Almaty
  • Теһран-Ашхабадтың сауда-экономикалық байланыстарының көлемін арттыру қуатталды

Иранның Жол және қала құрылысы министрі Аббас Ахунди Иран мен Түркіменстанның 2106 жылғы сауда байланыстары көлемінің бір млрд жеті жүз млн долларды құрағанын мәлімдеп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың көлемін арттыру керектігін баса айтты.

Ахунди Теһрандағы Түркіменстанның елшілігінде осы елдің тәуелсіздік алуының 26-шы жылдығын атап өту рәсімінде көршілес елдермен әсіресе экономика мен сауда салаларында қарым-қатынастарды арттыруды Иранның сыртқы байланыстарындағы басты бағдар деп атады. Иран мен Түркіменстанның экономикалық ортақ комиссиясының басшысы болып табылатын Иранның Жол және қала құрылысының министрі Аббас Ахунди Түркіменстанның аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту бағытындағы бейтарап ұстанымын жалғастыруына ризашылық білдіріп: «Өткен 27 жылда Теһран мен Ашхабад байланыстары барлық салаларда дамыды. Тасымал мен транзит, газ, мұнай-химия өнімдері мен бөгет салу салаларындағы ортақ жобалардың жүзеге асырылуы екі елдің байланыстарды дамытуға деген ерік-жігерінің белгілері саналады» деді.

Түркіменстан 1991 жылдың қараша айының жиырма жетісі күні Кеңес одағынан бөлініп, өзінің тәуелсіздігін жариялады.