Иран сыртқы сауда байланыстарынан долларды шығарудың амалын ойластыруда
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i32142-Иран_сыртқы_сауда_байланыстарынан_долларды_шығарудың_амалын_ойластыруда
Иран үкіметінің баспасөз хатшысы ИИР-ның соңғы жылдары халықаралық сауда байланыстарынан долларды жою үшін қадамдар жасағанын, бүгінде елдің сыртқы сауда байланыстарының көбінің евроға негізделгенін айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 07, 2017 17:40 Asia/Almaty
  • Иран сыртқы сауда байланыстарынан долларды шығарудың амалын ойластыруда

Иран үкіметінің баспасөз хатшысы ИИР-ның соңғы жылдары халықаралық сауда байланыстарынан долларды жою үшін қадамдар жасағанын, бүгінде елдің сыртқы сауда байланыстарының көбінің евроға негізделгенін айтты.

Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Мохаммад Бағер Ноубахт дүйсенбі күні тілшілерге берген сұхбатта аймақ елдерімен, соның ішінде Әзірбайжан республикасы, Ресей мен Иран арасында жасалған үйлесімділіктермен бұл ұстанымның ұлттық ақшаларды қолдану үшін де қарастырылып жатқанын айтты.

Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Иран мен Американың қайтадан келіссөз өткізу мүмкіндігін толығымен теріске шығарып: «Америкалықтардың ойлаған мақсаттары Иранның ұлттық мүдделерімен сәйкеспейді. Иран келесі мәлімдемеге дейін халықаралық келісімдерге табанды емес тараптармен келіссөз өткізбейді» деді.