Исламдық Иранда имам Хусейннің (ғ.) қырқына орай аза тұту рәсімдері өтіп жатыр
Исламдық Иранда хазірет имам Хусейн(ғ.) мен оның сенімді серіктерінің қырқы – Арбағин күні аза тұту рәсімдері өтіп жатыр.
Бүгін, бейсенбі х.қ.ж.с.б. 1439 жылдың сафар айының 20 жұлдызы, сәйкесінше 2017 жылдың 9 қарашасы – әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Хусейн (ғ.с.) мен оның сенімді серіктерінің Кербала даласында шәһид болуының қырқы – Арбағин. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген миллиондаған зияратшы, соның ішінде ИИР-нан келген зияратшылар бұл күні Хусейннің қырқына қатысу үшін Ирактың оңтүстігінде орналасқан Кербала қаласына келіп жетті. Хазірет имам Хусейн (ғ.) мен оның сенімді серіктері х.қ.ж.с.б. 61 жылы Кербалада шәһид болды.
Хазірет имам Хусейн (ғ.) Меккеден Кербалаға бара жатқан жолда және шәһид болғанға дейін Кербала оқиғасын баяндағанда: "Менің қозғалысымның мақсаты – Язидтың исламға қарсы үкіметін әшкерелеу, жақсылыққа шақырып, жамандықтан жирендіріп, зұлымдыққа қарсы тұру және Құран Кәрімді қорғап, Мұхаммадтың пәк ислам дінін аман сақтау",-деп ашық айтқан.
Иран халқы имам Хусейннің (ғ.) қырқына арналған рәсімдерде Хусейннің Тасуасы мен Ашурасы күндері мен түндеріндегідей мешіттер мен хусейниелерде, Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Мешхедтегі әлем шиіттерінің сегізінші имамы хазірет имам Резаның (ғ.) кесенесі мен Құм қаласындағы хазірет Масуменің (с.) кесенесінде жиналып, аза тұтып, жоқтау айтып, кеуделерін қолмен, арқаларын шынжырмен ұрып, хазірет имам Хусейннің (ғ.) тұлғасы мен орны жайлы сөз сөйлейді. Бұлардың барлығы исламдық Иранның хусейншіл мүмін халқының маңызды бағдарламаларының қатарына жатады.
ИИР Телерадио бірлестігі Хусейннің (ғ.) қырқы күніне орай барша мұсылмандарға, әсіресе әлем шиіттері мен басқа да азаттықты сүюшілерге көңіл айтады.