Арбағин шеруінің айбыны мен сән-салтанаты
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дүйсенбі күні елдің солтүстік-батысындағы Шығыс Әзірбайжан және Теһранның оңтүстігіндегі Құм облыстары басшылары мен мәдени белсенділерімен кездесуінде Арбағинның ұлы шерулерін ислам әлеміндегі Құдай жолындағы күрес рухы мен шәһадатқа әзірліктің артуының белгісі деп атап:
"Лаңкестік қоқан-лоққыларына қарамастан әлемнің әртүрлі елдерінен мұндай жамағаттың жиналуы Алла жолындағы күрес сенімінің жоғары толқынына жетуі мен бұл жолдағы қоғамдық дайындықтың белгісін білдіреді",- деді.
Хиджри қамари жыл санағы бойынша 1439 жылдың сафар айының 20 күні, сәйкесінше 2017 жылдың қараша айының 9 әлем шиеттерінің үшінші имамы – имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің қырқы – Арбағин болды. Биыл да әлемнің 80 елінің миллиондаған зияратшысының қатысуымен бұл күнгі рәсімді Ирак үкіметі ДАИШ-тың лаңкестік қоқан-лоққыларына қарамастан ерекше салтанатпен өткізді.
Имам Хусейн (ғ.с.) Арбағинінің рәсімін бір жағынан Ашура қозғалысын сақтап қалу мақсатын көздеген ежелден келе жатқан сүннет деп атауға болады. Бірақ басқа тұрғыдан Арбағинге жиналған миллиондаған халық бұл жиынның үлкен саяси-қоғамдық конгресс екенін көрсетті. Мұндай үлкен рәсімді өткізу Арбағин мәдениетін орнату және діни құндылықтардың негіздері бойынша қоғамның мұраларын қалыптастыру үшін маңызды. Бұл рәсім бүгінде мұсылмандардың оянуын көрсететін ислам әлемінің көріністерінің біріне айналды. Арбағин ұлы шеруі – исламдық бірлікке жеткізетін факторлардың бірі. Өйткені, Арбағин шеруіне қатысу исламдық мемлекеттер арасындағы шекараларды жойып, қоғамдар арасындағы қарым-қатынастарды нығайтады. Арбағин шеруі жыл сайын халыққа имам Хусейн (ғ.с.)-ға махаббаттарын білдіріп, ашуралық жолдауды жаһандық етуге мұрсат тудырады.
Миллиондаған мұсылмандар мен басқа да тауһидтік діндердің өкілдері және зұлымдыққа қарсы азаттық талап етушілердің имам Хусейн (ғ.с.)-ға арналған Арбағин шеруіне қатысуы қоғамдық ой-пікірге басқа оқиғаға қарағанда Кербала оқиғасының әсер ететінін көрсетеді. Арбағин үлкен шеруі – әлемдік келешекті зұлымдыққа қарсы күреспен байланыстыратын тарихи оқиғадан үлгі алу. Бұл оқиға исламдық мазхабаралық бірліктің жарғысы бола алады. АҚШ пен оның одақтастарының, әсіресе Сауд режимі мен ДАИШ сынды тәкфиршіл топтарының Арбағин үлкен жиынына қарсылық білдіруі аталмыш шерудің бірлік факторы болуымен байланысты.