Иран Франция Сыртқы істер министрінің Риядтағы сөзіне реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i32274-Иран_Франция_Сыртқы_істер_министрінің_Риядтағы_сөзіне_реакция_білдірді
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Франция Сыртқы істер министрінің Риядта Иранға қарсы сөйлеген сөзіне реакция білдіріп: "Франция Таяу Шығыстағы дағдарыстар мен адами апаттарға біржақты ұстаным білдіреді",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 17, 2017 14:33 Asia/Almaty
  • Иран Франция Сыртқы істер министрінің Риядтағы сөзіне реакция білдірді

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Франция Сыртқы істер министрінің Риядта Иранға қарсы сөйлеген сөзіне реакция білдіріп: "Франция Таяу Шығыстағы дағдарыстар мен адами апаттарға біржақты ұстаным білдіреді",- деді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми  Жан-Ива Ле Дрианның Риядта саудиялық әріптесімен бірге өткізген баспасөз отырысында Иранға қарсы сөйлеген сөзіне реакция білдіріп: "Өкінішке орай, Францияның Таяу Шығыстағы дағдарыстар мен адами апаттарға қатысты біржақты ұстанымы дағдарыстардың күшеюіне себеп болуда. Парсы шығанағына сапармен келетін аймақтан тысқары мемлекеттердің кейбір басшылары орын алып жатқан оқиғаларға назар аудармай, саудиялық соғысқұмар басшыларының сөздерінің ықпалына түсіп, олардың ойдан шығарған алаңдаушылықтары мен Иранға қарсы дұшпандықтарын қайталайды. Трансұлттық мемлекеттердің Йемен халқына қарсы қолданылатын қару-жарақты аймақ елдеріне сатуы мен Сауд Арабиясы мен аймақтағы оның одақтастарын қолдауы бұл мемлекеттердің арсыз түрде жаңа дағдарыстар тудырып, аймақ жағдайын шиеленістіріп, тұрақсыздық пен қауіп-қатерді арттыруына себеп болды",- деді.