Теһранда Астана келіссөздері үдерісінің үшжақты отырысы өтіп жатыр
Иран Сыртқы істер министрі орынбасарының бір аптаға созылған Мәскеу, Дамаск пен Анкарада өткізген қарқынды келіссөздері мен кеңесулерінен кейін бүгін Теһранда Сирия мәселесі жөніндегі Астана келіссөздері өтіп жатыр.
Хосейн Джабери Ансари Сирия істері жөніндегі кеңестердің соңғы кезеңінде жұма күні Анкарада Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Омид Ялчин және Түркия Сыртқы істер министрінің аймақ мәселелері жөніндегі орынбасары Садат Оналмен кездесіп, Сириядағы соңғы өзгерістер мен Астана келіссөздерінің үдерісі жайлы сұхбаттасты.
Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері істері жөніндегі орынбасары Мәскеу мен Дамаскте Сирия дағдарысы мен Астана келіссөздері үдерісінің соңғы өзгерістері туралы кеңестер өткізген соң Анкараға сапар шекті.
Кеңес қарашаның он сегізінен бастап Астана келіссөздері үдерісіне кепіл Иран, Түркия мен Ресейдің аға сарапшыларының отырысы барысында өткізіледі. Жексенбі күні сұхбаттасулардың жалғасы Иран, Түркия мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен Түркияның Анталия қаласында өтеді. Астана келіссөздері үдерісіне кепіл үш ел басшыларының отырысы қарашаның жиырма екісі күні Ресейдің Сочи қаласында өтеді.
Терроризммен күресте үсті-үстіне жалғасқан жеңістер мен қауіпсіздікті қайтару тек Ирак пен Сирия халқының жеңісі ғана емес, сондай-ақ аймақта қауіпсіздік пен тыныштық орнатуды қалайтын барлық халықтардың жеңісі саналады.
Осыған байланысты, Теһран, Мәскеу мен Анкараның бастамашылық әрекеті екі стратегиялық мақсатты, яғни ДАИШ лаңкестігімен күрес және бір мезгілде саяси шешім жолын табу үшін «сириялық-сириялық» келіссөздері үшін негіз жасауды ілгерілетті. Бұл екі мәселе "Астана келіссөздерінің" жеті кезеңінде шындап қадағаланды. Оның оң әсерлерін енді толық байқауға болады. Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері істері жөніндегі орынбасары "Астана келіссөздері" отырыстарының Сирияда бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштықты қайта орнатқанға дейін жалғасатынын мәлімдеді.
Араб елдері істері жөніндегі ресейлік сарапшы әрі Ресей Шығыстану орталығының сарапшысы Кувейттің ресми ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Астана келіссөздерінің маңызы жайлы: ""Астана келіссөздерін" өткізудің мақсаты – АҚШ секілді нақты тараптар үшін Сирия жүйесінің майдандық саладағы табыстарын көрсету. Бұл келіссөздер үдерісі Женева келіссөздері үшін көмек саналады",- деді.