Airbus пен Boeing ұшақтарын сатып алуды қаржыландыру мәселесі шешілді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i32309-airbus_пен_boeing_ұшақтарын_сатып_алуды_қаржыландыру_мәселесі_шешілді
Иранның Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары Airbus және Boeing копанияларынан ұшақ сатып алуды қаржыландыру туралы келісімге қол қойылғанын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 19, 2017 14:38 Asia/Almaty
  • Airbus пен Boeing ұшақтарын сатып алуды қаржыландыру мәселесі шешілді

Иранның Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары Airbus және Boeing копанияларынан ұшақ сатып алуды қаржыландыру туралы келісімге қол қойылғанын мәлімдеді.

ИРНА-ның жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Асғар Фахрие Кашан: "Finance-тың қаржыландыруымен Иранның Airbus және Boeing компанияларынан сатып алған ұшақтары келісілген жоспарға сәйкес келесі жылдың жазында Иранға табыс етіледі.
Қазіргі таңға дейін Иранның ұшақ шығаратын компаниялармен қол қойған келісіміне өзгеріс енгізілген жоқ",- деді.
Иранның әуе компаниялары 2016 жылы "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асырып, санкциялардың күші жойылғаннан кейін 260 ұшақ сатып алу үшін Airbus, Boeing және ATR компанияларымен келісімге қол қойған болатын. Осы уақытқа дейін ұшақтардың бірқатары Иранның әуе компанияларына табыс етілді.