Дивизия генералы Бағери сәрсенбі күні Ресейге барады
Қар 20, 2017 19:26 Asia/Almaty
Иран Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы Иран мен Ресей және Түркияның үшжақты отырысына қатысу үшін қарашаның 22 күні Ресейдің Сочи қаласына аттанады.
Отырыста Иран Қарулы күштері бас штабынының қолбасшысы дивизия генералы Мохаммад Бағери мен Ресей және Түркия Армиясы штабтарының қолбасшылары қорғаныс саласындағы үшжақты серіктестіктер туралы пікір алмасады.
Сирия өзгерістерінің болашағы, лаңкестік топтармен күрес, Иран мен Ресей және Түркияның осы саладағы әріптестіктерін жалғастыру Сочиде өтетін үшжақты отырыстың маңызды тақырыптарын құрайды.
Тегтер