Оңтүстік Парс алаңының бағдарламасынан шығатын болса, Total компаниясының инвестициясы Иранда қалады
(last modified Wed, 22 Nov 2017 11:30:02 GMT )
Қар 22, 2017 17:30 Asia/Almaty
  • Оңтүстік Парс алаңының бағдарламасынан шығатын болса, Total компаниясының инвестициясы Иранда қалады

Иранның Мұнай министрі Тоталдың Иранның оңтүстігіндегі Оңтүстік парсы алаңының 11-ші фазасын дамыту бағдарламадан шығу шаралары туралы: "Егер БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциялары енгізілмей Тотал 11-ші фазаны дамыту бағдарламадан шығатын болса, бұл компанияға инвестициясы қайтарылмайды",- деп анықтады.

Оңтүстік Парс алаңының бағдарламасынан шығатын болса, Total компаниясының инвестициясы Иранда қалады

Иранның Мұнай министрі Зангане Total компаниясының Иранның оңтүстігіндегі Оңтүстік Парс алаңының 11-ші фазасын дамыту бағдарламасынан шығу шарттарына тоқталып: "Егер БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциялары салынбай тұрып, Total компаниясы 11-ші фазаны дамыту бағдарламасынан шығатын болса, компанияға салған инвестициясы қайтарылмайды",- деп баса айтты.

ИРНА-ның сейсенбі күнгі мәліметі бойынша, Иранның Мұнай  министрі Бижан Зангане Total компаниясының келісіміне қатысты кейбір түсініксіз мәліметтер туралы: "Total, Қытайдың CNPSI компаниясы мен Петропарстан құрылған консорциумға тапсырылған Оңтүстік Парс алаңының 11-ші фазасын дамыту бағдарламасының жұмыстары белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылуда. Осы уақытқа дейін Total компаниясы 50 миллион еуро инвестиция салуға келісіп, келісімі бойынша жұмыстарын орындап жатыр. Егер Total компаниясы Оңтүстік Парс алаңының 11-ші фазасын дамыту бағдарламасынан шығатын болса, оның үлесі консорциумның келесі екі компаниясына, яғни Қытайдың  CNPSI компаниясы мен Петропарсқа тиеді. Сондай жағдайда Total компаниясының инвестициясы Иранда қалып, 11-ші фаза  іске қосылып, өнімі сатылған соң ғана қаржысы қайтарылады",- деді. Францияның Total компаниясының атқарушы директоры Патрик Пуянне жуырда АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкция салу ықтималдығына алаңдаушылық білдірген болатын.           

 

 

  

 

Тегтер