АҚШ- тың Иран азаматтарын айыптауына қатысты Иранның реакциясы
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i3241-АҚШ_тың_Иран_азаматтарын_айыптауына_қатысты_Иранның_реакциясы
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы АҚШ- тың Әділет министрлігінің осы елдегі киберлік шабуылдар желеуімен Иранның жеті азаматына таққан айыпты қабылдамады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 26, 2016 18:49 Asia/Almaty
  • АҚШ- тың Иран азаматтарын айыптауына қатысты Иранның реакциясы

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы АҚШ- тың Әділет министрлігінің осы елдегі киберлік шабуылдар желеуімен Иранның жеті азаматына таққан айыпты қабылдамады.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари бүгін сенбі күні АҚШ- тың Әділет министрлігінің осы елдегі киберлік шабуылдар желеуімен Иранның жеті азаматына айып тағуына көрсеткен реакциясында: «Иран Ислам Республикасы киберлік кеңістіктегі қауіпті шараларды ешқашан күн тәртібіне қойған емес әрі мұндай әрекеттерді қолдамайды.

Иранның өзі кейбір үкіметтердің қолдауымен болған шиеленісті киберлік шабуылдардан көп зардап шеккен. Сондықтан киберлік қылмыстарға тосқауыл қоюда әрдайым халықаралық ұжымдық талпыныстардың көшбасшысы болып, барлық үкіметтердің қадағалауымен киберлік кеңістікті бір жүйеге келтірудің қажеттілігін қуаттап отыр.

Иранның бейбіт ядролық нысандарына қарсы киберлік шабуылдарымен миллиондаған бейкүнә адамды экологиялық апат қаупіне душар еткен АҚШ үкіметі өзге елдердің, соның ішінде Иранның азаматтарына ешқандай айғақ- дерек ұсынбастан айып тағатын жағдайға ие емес» деді.

АҚШ- тың Әділет министрлігі Вашингтонның уәжі бойынша Иран үкіметінің жарлығымен қаржы органдарын киберлік шабуылдың нысанасына алған Иранның жеті азаматына айып тақты.