ИИР-ның президенті Мысырдағы лаңкестік шабуылды айыптады
(last modified Sat, 25 Nov 2017 15:13:06 GMT )
Қар 25, 2017 21:13 Asia/Almaty
  • ИИР-ның президенті Мысырдағы лаңкестік шабуылды айыптады

ИИР-ның президенті Хасан Рухани Твиттер әлеуметтік желісіндегі жазбасында Мысырдың Синай аймағындағы жұма намазына келген намазхандарға жасалған лаңкестік қылмыстарды айыптап, Иран халқының атынан Мысыр халқы мен шабуыл құрбандарының отбасыларына көңіл айтты.

Мысырдың солтүстігіндегі Синай облысындағы жұма намазы рәсіміндегі бомба жарылысы мен атыс салдарынан кемінде 235 адам көз жұмып, 150 адам жараланды.

Осы уақытқа дейін ешбір топ лаңкестік шабуылдың жауапкершілігін мойнына алған жоқ. Мұның алдында Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани, Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф пен Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми жеке жолдауларында Мысырдың лаңкестік шабуылын айыптаған болатын. 

 

Тегтер