Генерал-майор Сафави: Иран – аймақтағы ең ықпалды мемлекет
Иран Ислам революциясы жетекшісінің аға кеңесшісі қарсыласу шебінің аймақтағы жеңісімен Иранның әлемдегі, әсіресе Батыс Азиядағы ықпалының артқанын қуаттады.
Ислам революциясы жетекшісінің аға кеңесшісі Сейед Яхия Рахим Сафави сенбі күні кешке Иранның солтүстік-батысындағы Батыс Әзірбайжан облысының телеарнасына берген арнайы сұхбатта: "АҚШ аймақтағы стратегиялық мақсаттарына жете алмады. Бұл сәтсіздік исламдық Иранның аймақтағы күш-қуаты мен ықпалын көрсетеді",- деді.
Генерал-майор Сафави АҚШ пен сионистік режимнің (Израиль) аймақтағы исламдық ояну үдерісіне қарсы тұру үшін ДАИШ-ты құрғанына тоқталып: "Дұшпандар бұл стратегиясымен ислам әлемін жаман кейіпте көрсеткісі келгенімен олардың бұл жобасы да сәтсіздікке ұшырады" деді.