Иран мен Қазақстан экономикалық қатынастарды кеңейту негіздерін жеңілдету қажеттігін қуаттады
Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мұхаммад Шариатмадари мен Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары әрі Ауыл шаруашылық министрі Асқар Мырзахметов сенбі күні Теһранда өнеркәсіп, тау-кен және сауда салаларындағы ынтымақтастықтарды дамыту мақсатында ортақ экономикалық жұмыс тобын құруға келісіп, инженерлік-техникалық қызметтер көрсету саласында меморандумға қол қойды.
Қазақстан – Орта Азияда орналасқан ең ірі мемлекет әрі осы аймақтағы басқа елдерге қарағанда тұрақтылық, қауіпсіздік пен даму тұрғысынан өзіндік ерекшеліктерге ие.
Осындай аймақтық жағдайдан бөлек Иран мен Қазақстан халықтары екі елдің мәдени мұрасынан бастау алған тарих, мәдениет, әдебиет пен ортақ ой-пікірге ие. Алайда кейбір сарапшылардың пікірі бойынша екі ел қатынастарының деңгейі айтарлықтай жоғары емес.
Халықаралық мәселелер жөніндегі сарапшы Хасан Беһештипур осы жайында: "Бұл елдің 2016 жылғы тауар айналымының көлемі жалпы алғанда 35 миллард доллар экспорт пен 25 миллиард доллар импорт көрсеткішін құрады. Бұл көрсеткіштен 500 миллион доллардан кем қаражат Иран мен Қазақстан арасындағы екіжақты қатынастарға жұмсалды. Өткенде болған және қазір бар әрі болашақта нығаюы мүмкін өте жақсы негіздерді назарға алатын болсақ, неліктен екі ел арасындағы қатынастар деңгейі соншалықты төмен деген сауал қойды.
ИИР-ның екі немесе одан да көп аймақтық өзара әрекеттестіктерді арттыру мақсатындағы кез келген идея мен бастаманы қолдайтыны анық. Осы арада Түркіменстаннан Инче-Бурун шекарасына алғашқы пойыздың келуі арқылы маңызды байланыс бағыты ашылды. Мұның алдында Сарахс-Таджан аймағында Иранның темір жолы Түркіменстан арқылы Орталық Азиямен байланысқан болатын. Тағы бір қадам барысында 2014 жылы желтоқсан айында үш ел президенттерінің қатысуымен Иран-Түркіменстан-Қазақстан темір жол желісі атты ортақ жобаның ашылу рәсімі өтті. Қазіргі таңда осы темір жолы желілерін пайдалану арқылы Шығыс (Қытайдан Орталық Азияға дейін) пен Батыс әлемінің (әсіресе Батыс Еуропа) арасындағы сауда тасымалының бағыты шамамен 10 000 шақырымға азайды. Иран мен Қазақстан сондай-ақ Каспий теңізі бассейні, Экоономикалық ынтымақтастық ұйымы (ECO) және әсірешілдік пен лаңкестікпен күрес салаларында ынтымақтастық жасайды.
Ядролық келіссөздер саласындағы саяси өзара әрекеттестіктер мен соңғы бір жылдағы Сирия дағдарысына қатысты "Астана келіссөздері" деген атпен танымал болған отырыстар екі елдің қарым-қатынастарының маңызын екі есеге арттырды.
Иран мен Қазақстан ынтымақтастықтарын нығайту мақсатындағы бұл үдерістер пайдалы әсер етті. Осылайша екі ел қатынастарын дамыту екіжақты және көпжақты экономикалық ынтымақтастықтар саласындағы негіздерді күшейтуді қажет етеді. Иран мен Қазақстан экономикалық салаларда қатынастарды дамыту үшін қолайлы негіздерге ие. Бірақ, мүмкіндіктерді жақсы пайдаланғанға дейін экономикалық қатынастар деңгейінің әлеуеттерге сәйкес дамып, өркендеуін күту мүмкін емес. Сенбі күні Қазақстан премьер-министрі әрі Ауыл шаруашылық министрі Асқар Мырзахметовтың Теһранда өткен келіссөздер шеңберінде ирандық тарапппен келісімге келуі осы мақсатқа жетуде әсерлі болуы мүмкін.