Қар 29, 2017 20:58 Asia/Almaty
  • Аятолла Араки: Исламның біртұтас үмбетінің интеграция үдерісінде жаңа кезең басталды

Ислам мазхбтарын жақындастыру әлемдік ассамблеясының бас хатшысы Теһранда өтетін «Ислам бірлігі» атты конференцияға елдің іші мен шетелдерден 500 қайраткердің, соның ішінде шетелдік 250 мейманның қатысатынын мәлімдеді.

«Исламның жаңа өркениетінің бірлігі мен талаптары» деген тақырыптағы «Ислам бірлігі» халықаралық конференциясының 31-ші кезеңі желтоқсанның 5-7 күндері Теһранда өтеді.

Иран Телерадио ұйымы хабар агенттігінің мәліметі бойынша, аятолла Мохсен Араки сәрсенбі күні Теһранда өткен баспасөз маслихатында ДАИШ лаңкестік тобына қарсы Ирак пен Сириядағы қарсыласу шебінің үлкен жеңістерімен құттықтап: «ДАИШ лаңкестік-тәкфірлік тобының жеңілісімен Ислам әлемі исламның біртұтас үмбетін құру мен интеграция үдерісіндегі жаңа кезеңге енді» деді.

Ислам мазхабтарын жақындастыру әлемдік ассамблеясының бас хатшысы ДАИШ-ты құруды ислам дұшпандарының, әсіресе сұм үштіктің, атап айтқанда сионизм мен ваххабизмнің және Американың жетекшілігіндегі империализмінің ең үлкен қастандығы деп атап: «ДАИШ-тың ислам әлемінде жік қалыптастырып, азаттық сүйгіш халықтардың ерік-жігерін мұқалтуды көздеген қастандығы жеңіліс тапты. Бүгін мазхабтарды жақындастыруды қалайтындардың саны жік салудың жақтастарынан әлдеқайда артық» деді.

 

Тегтер