Қар 30, 2017 22:35 Asia/Almaty
  • Иранда тұратын шетел азаматтары мен мигранттардың жағдайы қарастырылды

24 мемлекеттің елшілері мен өкілдері Ирандағы шетел азаматтары мен мигранттарға қызмет көрсету үдерісін зерттеу үшін Иранның оңтүстігінде орналасқан Фарс облысының орталығы Шираз қаласында бас қосты.

Иран ІІМ-нің Шетел азаматтары мен мигранттар істері жөніндегі департаментінің бас директоры Ахмад Махмудифар: "Иранда 800 000-нан астам босқын мен мигрант сақтандыру қызметтерін пайдалануда.

420 000 босқын және мигрант оқушы ирандық оқушылар секілді мектептерде білім алып жатыр. Елдің жоғары оқу орындарындағы шетелдік студенттер мен түлектердің көрсеткіші 37 000-ға жетіп отыр. Мұндай көрсеткіш әлемнің ешбір елінде тіркелмеген",- деп мәлімдеді.

Ирандағы шетел мемлекеттерінің елшілері мен өкілдерінің делегациясы бас қосудан кейін Фарс облысының көрнекті мекендерін аралады.

 

 

Тегтер