Иранда жолаушы тасымалдайтын вагон жасау бойынша ең үлкен келісімге қол қойылды
Жел 02, 2017 20:52 Asia/Almaty
Иранда жолаушы тасымалдайтын вагон жасау бойынша ең үлкен келісімге қол қойылды
Қала маңындағы пойыздарды дамыту үшін жолаушы тасымалдайтын 450 вагон жасау туралы келісімге бүгін Оңтүстік Кореяның Hyundai Rotem және Иранның IriCo компаниялары мен ИИР-ның Темір жол компаниясы арасында Иранның Жол және қала құрылысы министрлігінде қол қойылды.
Келісімнің құны 720 млн евро, орындалу уақыты алты жарым жыл деп жобаланды. Бұл келісім Иранның темір жол арқылы жолаушы тасымалдау вагондарын қамтамасыз ету бойынша ең үлкен келісім саналады.
Тегтер