Лариджани: Иран аймақта тату өмір сүруді қалайды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i32659-Лариджани_Иран_аймақта_тату_өмір_сүруді_қалайды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы ИИР-ның аймақтың барлық елдерімен жақсы байланыста болып, тату өмір сүруді қалайтынын қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 03, 2017 11:11 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иран аймақта тату өмір сүруді қалайды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы ИИР-ның аймақтың барлық елдерімен жақсы байланыста болып, тату өмір сүруді қалайтынын қуаттады.

Әли Лариджани сенбі күні кешке Иран телеарнасына тікелей эфирде берген сұхбатында елдің аймақтағы сыртқы саясатына тоқталып: «ИИР ешкімнің жеріне көз салып отырған жоқ. Кейбір тараптардың «Шиіттік жарты ай» туралы сөздері олардың ой-санасының артта қалғанын білдіреді»,-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы, сондай-ақ,  ДАИШ лаңкестік тобы, АҚШ пен оның аймақтағы одақтастары қастандығының жеңіліс тапқанына тоқталып: «Иран Ирак үкіметі мен Сирия үкіметінің шақыруымен лаңкестікке қатаң қатынас көрсетілуіне көмектесті. Бұл шара аймақтың да, Иранның да қауіпсіздігі үшін жасалған нақты да түпкілікті іс болды»,-деді.

Әли Лариджани ядролық келісімнің маңыздылығы туралы: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында байыппен әрекет етті. Бұл жол дұрыс таңдалды әрі Иранның бүгінгі экономикалық жағдайы үшін қажет»,-деді.