Лариджани: Иран аймақта тату өмір сүруді қалайды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы ИИР-ның аймақтың барлық елдерімен жақсы байланыста болып, тату өмір сүруді қалайтынын қуаттады.
Әли Лариджани сенбі күні кешке Иран телеарнасына тікелей эфирде берген сұхбатында елдің аймақтағы сыртқы саясатына тоқталып: «ИИР ешкімнің жеріне көз салып отырған жоқ. Кейбір тараптардың «Шиіттік жарты ай» туралы сөздері олардың ой-санасының артта қалғанын білдіреді»,-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы, сондай-ақ, ДАИШ лаңкестік тобы, АҚШ пен оның аймақтағы одақтастары қастандығының жеңіліс тапқанына тоқталып: «Иран Ирак үкіметі мен Сирия үкіметінің шақыруымен лаңкестікке қатаң қатынас көрсетілуіне көмектесті. Бұл шара аймақтың да, Иранның да қауіпсіздігі үшін жасалған нақты да түпкілікті іс болды»,-деді.
Әли Лариджани ядролық келісімнің маңыздылығы туралы: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында байыппен әрекет етті. Бұл жол дұрыс таңдалды әрі Иранның бүгінгі экономикалық жағдайы үшін қажет»,-деді.