"Исламдық бірлік" конференциясының қорытынды мәлімдемесінде жаңа интифаза жасау қажеттігі қуатталды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i32813-Исламдық_бірлік_конференциясының_қорытынды_мәлімдемесінде_жаңа_интифаза_жасау_қажеттігі_қуатталды
"Исламдық бірлік" атты 31-ші халықаралық конференция мәлімдеме жариялап, АҚШ Президентінің Құдсқа қатысты жуырдағы сөздерін айыптап, қасиетті Құдсқа жасалған қолсұғушылыққа қарсы ислам әлемінің Палестинада жаңа интифаза жасауы қажеттігін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 08, 2017 16:56 Asia/Almaty

"Исламдық бірлік" атты 31-ші халықаралық конференция мәлімдеме жариялап, АҚШ Президентінің Құдсқа қатысты жуырдағы сөздерін айыптап, қасиетті Құдсқа жасалған қолсұғушылыққа қарсы ислам әлемінің Палестинада жаңа интифаза жасауы қажеттігін қуаттады.

Теһранда әлемнің жүздеген шиіт және сүннит үлемдерінің қатысуымен өткен "Исламдық бірлік" атты 31-ші халықаралық конференцияның жабылу рәсімінде қорытынды мәлімдеме жарияланып, АҚШ Президентінің сионистік режимнің астанасын Бейт ул-Мұқаддасқа көшіру туралы шарасы айыпталды.

Мәлімдемеде АҚШ-тың қасиетті Құдсты еврейлендіруге және мұсылмандардың қасиетті жерлерін басып алуға бағытталған жаңа саясатына қарсы шығу қажеттігі қуатталды.

Мәлімдемеде сонымен қатар кейбір ислам елдерінің, соның ішінде  Ауғанстан, Ирак, Сирия мен Йемендегі қырып-жоюлар мен қиратуларға өкініш білдіріліп, үстемшілдер мен сионистердің мақсаттарын орындау жолында әрекет етіп жатқан кейбір ислам мемлекеттері мен ағымдар осы азап пен дерттің себепкерлері деп аталды.