Аракчи: Су дипломатиясы – Азияның батыс аймағының ең маңызды қажеттілігі
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i33131-Аракчи_Су_дипломатиясы_Азияның_батыс_аймағының_ең_маңызды_қажеттілігі
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары су дипломатиясын Азияның батыс аймағының ең маңызды қажеттілігі деп атап, оның қауіпсіздік пікірталасы шеңберінде қарастырылуын қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 19, 2017 18:47 Asia/Almaty
  • Аракчи: Су дипломатиясы – Азияның батыс аймағының ең маңызды қажеттілігі

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары су дипломатиясын Азияның батыс аймағының ең маңызды қажеттілігі деп атап, оның қауіпсіздік пікірталасы шеңберінде қарастырылуын қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істері жөніндегі орынбасары Сейед Аббас Аракчи  бүгін, сейсенбі күні Теһранда «Экологиялық қауіп-қатер мен Азияның батыс аймағының қауіпсіздігі» атты конференцияда: «Қалашықтар құрылысын арттыру шеңберіндегі сионистік режимнің саясаты мен осы режимнің су ұрлығы аймақты қауіпті су дағдарысына душар етті. Аумақтық және шекаралық қайшылықтар, қауіпсіздік мәселелері, әлеуметтік, этникалық және мемлекетаралық қақтығыстар, соғыс, азық- түлік қауіпсіздігінің қатері, денсаулық қауіпсіздігіне төнген қауіп, жұмыссыздық, кедейшілік пен өзге елдерге көшу мәселелері – су тапшылығы мен аймақ дағдарысы барысында туындайтын қиындықтар. Қазіргі уақытта Азияның батыс аймағында су стратегиялық тауарға айналды. Бұл мәселеге стратегиялық қатынас көрсету керек» - деп қуаттады.