Бригада генералы Исмаили: Иранның аспаны дұшпандар үшін тозақ
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i33181-Бригада_генералы_Исмаили_Иранның_аспаны_дұшпандар_үшін_тозақ
ИРИ Әскерінің "Хатам әл-Анбия" әуе қорғаныс базасының қолбасшысы: "Әскердің Әуе күштерінің әлеуеті мен үстемдігінің арқасында Исламдық Иранның аспаны оған басып кіруге батылдары бармайтын дұшпандар үшін тозақ болып табылады",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 21, 2017 17:37 Asia/Almaty
  • Бригада генералы Исмаили: Иранның аспаны дұшпандар үшін тозақ

ИРИ Әскерінің "Хатам әл-Анбия" әуе қорғаныс базасының қолбасшысы: "Әскердің Әуе күштерінің әлеуеті мен үстемдігінің арқасында Исламдық Иранның аспаны оған басып кіруге батылдары бармайтын дұшпандар үшін тозақ болып табылады",- деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бригада генералы Фарзад Исмаили сәрсенбі күні кешке Теһранның шығысындағы Семнан облысында өткен Қарсыласу майданының жеңісі мен қасиетті кесенелерді қорғағаны шәһидтерді еске алуға байланысты өткен мерекелік шарада Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерін Иран Қарулы күштерінің негізгі басымдығы деп атап: "Иран аспаны достар үшін ең қауіпсіз мекен, ал дұшпандар үшін тозақ саналады. Дұшпан Иранның әуе кеңістігіне енетін болса, Әскердің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің қатаң жауабына тап болады.

Дұшпан құрлық және әуе арқылы Иранға талай рет шабуыл жасағанымен, барлық кезеңдерде жеңіліс тапқан болатын. Бүгінгі таңда Иранның теңіз, жер беті және әуе күштерінің толық үстемдігінің арқасында бұл мекенге дұшпан аяғын баспайды",- деді.