Альборз облысындағы жерсілкінісі салдарынан 46 адам жарақат алды
Жел 27, 2017 13:50 Asia/Almaty
Теһранның батысындағы Альборз облысының Төтенше жағдай басқармасының бас директоры Меһди Меһвари облыста орын алған Рихтер бағамы бойынша 4,2 балдық жерсілкінісі салдарынан 46 адамның жарақат алғанын хабарлап:
«Альборз облысындағы жерсілкінісі салдарынан ғимараттардан асығыс жүгіріп шыққан кезде 46 адам жарақат алды. Олардың үшеуі ауруханада. Жедел көмек және полиция күштері мен өрт сөндіру бөлімдері толық дайын жағдайға келтірілді»,- деді.
Рихтер бағамы бойынша 4,2 балдық жерсілкінісі өткен түнде жергілікті уақыт бойынша 00:54-та Теһран мен Альборз облыстарының кейбір аймақтарында болды. Нақтырақ айтқанда, зілзала Теһраннан 42 километр жерде орын алды.
Тегтер