Иран Мәжілісінде Палестинаның ислам революциясын қолдау жоспары бекітілді
Иран Ислам Кеңесі мәжілісінің өкілдері Палестина халқының исламдық революциясын қолдау жоспарын бекітті.
Иран Ислам Кеңесі мәжілісінің өкілдері бүгін таңертең Палестина халқының ислам революциясына қолдау көрсету заңының 1-ші бабына ескерту енгізу жоспарының жалпы бөлімі бекітілген соң, жоспардың егжей-тегжейіне де оң дауыс берді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жоспар бекітілген соң: «АҚШ президентінің Құдсқа қарсы жоспарлаған істері «Бітім үдерісі» деп аталатын келіссөздерге жасалған қастандық, Палестинаға нұқсан келтіру болды» деді.
Палестина халқының ислам революциясына қолдау көрсету заңының 1-ші бабына сәйкес, Иран Ислам Республикасының үкіметі Палестина мемлекетінің тұрақты астанасы ретінде қасиетті Құдсты қолдауға міндетті.
Иран Мәжілісі 24-ші желтоқсанда Палестина халқының ислам революциясын қолдау туралы төтенше жоба бекіткен болатын.