Иран алты айдың ішінде қағаз нұсқада виза беру жүйесін алып тастайды
Иран СІМ-нің Консулдық, парламенттік және шетелдердегі ирандық азаматтар істері жөніндегі орынбасары алдағы алты айда Иранда қағаз нұсқада виза беру жүйесінің жойылатынын хабарлады.
Хасан Қашқави ирандық туроператорлардың форумында Иранның оңтүстік-батысындағы Ахваз әуежайында виза рәсімдеу жүйесінің енгізілгенін хабарлап: "Иранның кейбір әуежайларында халықаралық рейстер жүзеге асырылмайтын жағдайда елдің СІМ әуежайда виза рәсімдеу жүйесін енгізді",- деді.
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Иранның туристік тартымды жерлерінің әлеуеттеріне тоқталып: "Иран СІМ электронды нұсқада виза рәсімдеу үшін 74 шетелдік өкілдік ашты",- деп мәлімдеді.
Иран СІМ-нің Консулдық, парламент және шетелдердегі ирандық азаматтардың істері жөніндегі орынбасары әлемнің 180 елінен келген туристер Иранның халықаралық әуежайларында қысқа уақытта виза ала алатындығын айтты.
Қашқавидің айтуынша, кейбір елдермен екіжақты визалық режимді алып тастау саясаты 2025 жылға дейін елге 20 миллион турист тарту болып табылатын Иранның туризм саласындағы мақсаттарына жету бағытында іске асырылды.