Иранның мұнайдан тыс экспортының көлемі артты
Қаң 04, 2018 17:42 Asia/Almaty
Иранның Сауданы дамыту ұйымының бизнес қызметтерін дамыту жөніндегі кеңсенің бас директоры өткен тоғыз айдың ішінде Иранның мұнайдан тыс экспорты көлемінің артқаны жайлы хабарлады.
Иранның Сауданы дамыту ұйымының Бизнес қызметтерін дамыту жөніндегі кеңсенің бас директоры Фархад Нури: "Иранның өткен тоғыз айдың ішіндегі экспорт көлемінің 53 пайызы мұнайдан тыс тауарларға тиесілі болды. Биылғы жылдың тоғыз ай мерзіміндегі экспорт көлемінің 20 пайызы Қытайға, 15 пайызы Біріккен Араб Әмірліктеріне, 14,5 пайызы Иракқа, 9,5 пайызы Оңтүстік Корея мен 6 пайыздан астамы Ауғанстанға тиесілі",- деп мәлімдеді.
Тегтер