Иран халқы бейберекеттіктерді айыптау үшін шеруге шықты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i33633-Иран_халқы_бейберекеттіктерді_айыптау_үшін_шеруге_шықты
Исламдық Иранның халқы жұма намазынан кейін елдің түрлі қалаларында, соның ішінде Теһранда жаппай шеру ұйымдастыру арқылы бейберекеттік тудырушыларды қатты айыптап, бүлікшілерге қарсы қатаң шара қолдануды сұрады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 06, 2018 13:04 Asia/Almaty
  • Иран халқы бейберекеттіктерді айыптау үшін шеруге шықты

Исламдық Иранның халқы жұма намазынан кейін елдің түрлі қалаларында, соның ішінде Теһранда жаппай шеру ұйымдастыру арқылы бейберекеттік тудырушыларды қатты айыптап, бүлікшілерге қарсы қатаң шара қолдануды сұрады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның жер-жеріндегі халық жұма күні қолдарына ислам республикасын қолдау және АҚШ пен оның одақтастарының бүліктерімен күресу қажеттігін қуаттау мазмұндағы плакаттар ұстап, "Америкаға өлім!", "Сауд әулеті режиміне өлім!" және "Израильге өлім!" деп ұрандатып, осы режимдердің туларын отқа өртеді.

Исламдық Иранның халқы бүліктерге қарсы күресте халықтың бірігіп, қырағы әрі көреген болуы қажеттігін қуаттап, әрдайым шәһидтердің қаны мен діні жетекшінің құрметін қорғап, жамандық тілеушілердің қастандық әрекеттеріне рұқсат бермейтіндіктерін жариялады.