Резаи: Ирандағы жуырда орын алған бейберекеттіктер Эрбил отырысында жобаланған
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i33675-Резаи_Ирандағы_жуырда_орын_алған_бейберекеттіктер_Эрбил_отырысында_жобаланған
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы Иранда жуырда орын алған бейберекеттіктердің Ирактың Күрдістан аймағында өткен Эрбил отырысында жобаланғанын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 07, 2018 12:01 Asia/Almaty
  • Резаи: Ирандағы жуырда орын алған бейберекеттіктер Эрбил отырысында жобаланған

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы Иранда жуырда орын алған бейберекеттіктердің Ирактың Күрдістан аймағында өткен Эрбил отырысында жобаланғанын айтты.

Моһсен Резаи сенбі күні тілшілерге берген сұхбатта Иранда жуырда орын алған бейберекеттіктерге сілтеме жасап: "Бірнеше ай бұрын Эрбилде АҚШ Барлау агенттігінің Иранға қарсы амалдар палатасының басшысы Майкл Деандре, Ирактың бұрынғы диктаторы Саддамның ұлы "Құсей Саддам" атындағы кеңсе басшысы, Саддамның қайнысы Һани Тильфа және "Мұнафықтар" лаңкестік тобы мен Сауд Арабиясы өкілдерінің қатысуымен отырыс өткізілген болатын. Отырыс барысында Иранға қарсы амалдарды жүзеге асыру мерзімі 2017 жылдың желтоқсан айының соңына бекітілді.

Эрбил отырысына қатысқандар Иранға қарсы әрекеттерін әлеуметтік желіні пайдалану арқылы бастап, 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында Ирандағы бейберекеттіктердің жаппай етек жаюына жағдай жасап, Иранның барлық қалаларын бақылаудан шығаратынын шешкен болатын",- деді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы Иранға қарсы бұл амалдардың "Нәтижелі интеграция" жобасы деп аталғанын айтып: "Олар бейберекеттіктер кең етек жайғаннан кейін Иран территориясына қару-жарақ кіргізіп, наразылық білдірушілердің бірқатарын өздеріне тартуды көздеді.

Эрбиль отырысына қатысушылар, сондай-ақ, Ирандағы бейберекеттіктер етек жайғаннан кейін АҚШ-тың БҰҰ-нан адам құқықтарына қатысты өтініш беріп, содан кейін "Мұнафықтар" лаңкестік тобы іске кірісіп, Еуропадан Иранға қарсы санкция салуды сұрайтыны жайлы келіскен",- деп мәлімдеді.