Ирандағы армян диаспорасы басқа дін өкілдерімен тең өмір сүруде
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i33685-Ирандағы_армян_диаспорасы_басқа_дін_өкілдерімен_тең_өмір_сүруде
Иранның солтүстік-батысындағы Әзірбайжан облысының армян диаспорасының басшысы бүгінгі таңда Иран армяндарының ИИР-ның туы астында басқа діндер мен мазхаб өкілдерімен тең өмір сүріп жатқанын айтып, армяндарды мұсылмандардың бауыры деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 07, 2018 12:41 Asia/Almaty
  • Ирандағы армян диаспорасы басқа дін өкілдерімен тең өмір сүруде

Иранның солтүстік-батысындағы Әзірбайжан облысының армян диаспорасының басшысы бүгінгі таңда Иран армяндарының ИИР-ның туы астында басқа діндер мен мазхаб өкілдерімен тең өмір сүріп жатқанын айтып, армяндарды мұсылмандардың бауыры деп атады.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әзірбайжан облысындағы армян диаспорасының діни басшысы Григор Чифтчян сенбі күні Табриз қаласында орналасқан хазірет Мәриам (ғ.с) шіркеуінде хазірет Иса Мәсіхтің (ғ.с) мәулітіне орай өткізілген мерекелік шара кезінде: "Армяндар үшін бұл мереке Ирандағы тыныштық пен қауіпсіздікті сақтау үшін талпыныс жасап жатқан Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи мен басқа да ирандық жауапты тұлғалардың амандығы үшін дұға ететін мүмкіндік саналады",- деді.

Григор Чифтчян ирандық жауапты тұлғалардың күш салып, қоғамға тыныштық сыйлағанын баяндап: "Армяндар өздерін Иран жүйесінің мүшесі санайды",- деп баса айтты.

Иранның Әзірбайжан аумағында өмір сүретін армян диаспорасының діни басшысы Құдсты сионисттік режимнің астанасы ретінде мойындау мәселесіне тоқталып: "Палестина мен Бейт ул-Мұқаддас барлық аспанық діндерге тиесілі болған және нақты бір адамға тиесілі емес жағдайда әлемдік үстемшілдік Палестина жерін бөлшектеуді көздеп отыр",- деді.