Ғасеми: Иран Америка үкіметінің ақылсыз әрекеттерін залалсыздандырды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i33729-Ғасеми_Иран_Америка_үкіметінің_ақылсыз_әрекеттерін_залалсыздандырды
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Иран халқының өз тағдырларын анықтауға қатысуға қатысты ынтасы әрдайым Америка үкіметінің ақылсыз әрекеттерін залалсыздандырып келеді» деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 08, 2018 19:12 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Иран Америка үкіметінің ақылсыз әрекеттерін  залалсыздандырды

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Иран халқының өз тағдырларын анықтауға қатысуға қатысты ынтасы әрдайым Америка үкіметінің ақылсыз әрекеттерін залалсыздандырып келеді» деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми дүйсенбі күні республикалық және шетелдік тілшілермен өткізетін апталық отырыста Иран Телерадио ұйымы шетелдік торабы тілшісінің Теһран қауіпсіздік отырысы жайлы және Американың Иранның қауіпсіздігін түйткілге ұшыратуға әрекет жасауы туралы сұраққа берген жауапта: «Иранның әр саласын түйткілге тіреуге күш салатын Американың дұшпандық, кекшіл саясаттары үнемі жеңіліс тауып келеді» деді.

Ғасеми Америка үкіметі саясаттарының өткен бір жылда жеңіліс тапқанын еске салып, Америка президенті Дональд Трампты аймақтағы дағдарыстың қалыптасуының негізгі себебі деп атады.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Американың Ираның ядролық және ядролық емес санкцияларға қатысты шешім қабылдайтын мерзімінің жақын күндері аяқталатыны мен америкалық жауапты басшылардың қарама-қайшы сөздеріне тоқталып: «ИИР тарапынан Американың барлық ықтималды жобалары болжанған. Кез келген жағдайда тиісті шешім қабылданады» деді.