Камалванди: Иран уран байытуды бірнеше есе жылдамдатуға әзір
Иранның Атом Қуаты Ұйымының баспасөз хатшысы Иранның өзінің ядролық жұмыстарының жылдамдығын әртүрлі салаларда, әсіресе уран байытуда «Ортақ қадам» келісімінен бұрынғы кезеңнен бірнеше есе арттыруға әзірлігін мәлімдеді.
Баһрам Камалванди бүгін сәрсенбі күні Иран Телерадио ұйымына берген сұхбатта Дональд Трамптың Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болған, болмағаны және Иранға салған санкцияларды тоқтатуды жалғастыру туралы алдағы шешіміне қатысты: «Егер Дональд Трамп Иранға қарсы санкцияларды тоқтатуды жалғастырмаса, бұл «Ортақ қадам» келісімін бұзу саналады. Ондай жағдайда ИИР тиісті шара қабылдайды» деді.
Иранның Атом Қуаты Ұйымының баспасөз хатшысы осы ұйымның басшысы Али Акбар Салехидің Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры Юкио Аманомен дүйсенбі күнгі сұхбатта егер америкалықтар міндеттемелерін орындамаса, Иран «Ортақ қадам» бағдарламасынан кейінгі екі жылда Агенттікпен жасап келе жатқан серіктестіктерін жалғастырады деп күтпеу керектігін қуаттағанын айтты.