Иран армиясы теңіз күштерінің жүрдек кемелері "Санчи" мұнай танкері экипажын құтқаруға жіберілді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i33799-Иран_армиясы_теңіз_күштерінің_жүрдек_кемелері_Санчи_мұнай_танкері_экипажын_құтқаруға_жіберілді
ИИР армиясы теңіз күштерінің мамандар тобы сәрсенбі күні кешке "Санчи" мұнай танкері экипажын құтқару мақсатында жүрдек кемелермен Қытайға жіберілді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 11, 2018 12:26 Asia/Almaty
  • Иран армиясы теңіз күштерінің жүрдек кемелері

ИИР армиясы теңіз күштерінің мамандар тобы сәрсенбі күні кешке "Санчи" мұнай танкері экипажын құтқару мақсатында жүрдек кемелермен Қытайға жіберілді.

6 қаңтар күні кешке Иранның мұнай танкерінің Қытайдың шығыс жағалауында Қытайдың жүк кемесімен соқтығысуы салдарынан экипаждың 32 мүшесі із-түссіз жоғалып кетті. Олардың отызы Иран, екеуі Бангладеш азаматтары болған .

Осы уақытқа дейін бір адамның денесі табылды. Қалған адамдарды табуға бағытталған іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

ИИР Телерадио бірлестігі  ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Ұлттық танкерлер компаниясының төтенше жағдайлар комитетінің ақпарат өкілі Мохсен Бахрами: "ИИР армиясы теңіз күштерінің мамандар тобы Heliborne Operations амалын атқару үшін Қытайға барады деп күтілуде",-деді.

Heliborne Operations – әуеде атқарылатын амалдардың бір түрі. Онда әскери күштер тікұшақ арқылы тасымалданып, миссияны орындау үшін  қажетті аймаққа жеткізіледі.