Иран армиясы теңіз күштерінің жүрдек кемелері "Санчи" мұнай танкері экипажын құтқаруға жіберілді
ИИР армиясы теңіз күштерінің мамандар тобы сәрсенбі күні кешке "Санчи" мұнай танкері экипажын құтқару мақсатында жүрдек кемелермен Қытайға жіберілді.
6 қаңтар күні кешке Иранның мұнай танкерінің Қытайдың шығыс жағалауында Қытайдың жүк кемесімен соқтығысуы салдарынан экипаждың 32 мүшесі із-түссіз жоғалып кетті. Олардың отызы Иран, екеуі Бангладеш азаматтары болған .
Осы уақытқа дейін бір адамның денесі табылды. Қалған адамдарды табуға бағытталған іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Ұлттық танкерлер компаниясының төтенше жағдайлар комитетінің ақпарат өкілі Мохсен Бахрами: "ИИР армиясы теңіз күштерінің мамандар тобы Heliborne Operations амалын атқару үшін Қытайға барады деп күтілуде",-деді.
Heliborne Operations – әуеде атқарылатын амалдардың бір түрі. Онда әскери күштер тікұшақ арқылы тасымалданып, миссияны орындау үшін қажетті аймаққа жеткізіледі.