Иран арқылы өтетін тауар транзиті 13 пайызға артты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i33913-Иран_арқылы_өтетін_тауар_транзиті_13_пайызға_артты
Иранның кеден транзитін бақылау кеңсесінің басшысы Хосейн Салари Ираннан өтетін тауар транзиті мөлшерінің хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1396 жылдың өткен 9 айында 13 пайызға артқанын хабарлап:
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 15, 2018 03:33 Asia/Almaty
  • Иран арқылы өтетін тауар транзиті 13 пайызға артты

Иранның кеден транзитін бақылау кеңсесінің басшысы Хосейн Салари Ираннан өтетін тауар транзиті мөлшерінің хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1396 жылдың өткен 9 айында 13 пайызға артқанын хабарлап:

"1396-шы жылдың өткен 9 айында әлемнің 100 елінің транзит тауары Иранның кеденінде интеграцияланған кеден жүйесі арқылы электронды түрде іске асырылды",- деді.

Иранның кеден транзитін бақылау кеңсесінің басшысы тауар транзитін оң бағалап: "Шетелдік транзит 8 267 953 тоннаға жетіп, 13 пайызға артып, Иранның құрлық және теңіз тауар тасымалдау бөлімінің дамуына себеп болды",- деді.