Иран арқылы өтетін тауар транзиті 13 пайызға артты
Қаң 15, 2018 03:33 Asia/Almaty
Иранның кеден транзитін бақылау кеңсесінің басшысы Хосейн Салари Ираннан өтетін тауар транзиті мөлшерінің хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1396 жылдың өткен 9 айында 13 пайызға артқанын хабарлап:
"1396-шы жылдың өткен 9 айында әлемнің 100 елінің транзит тауары Иранның кеденінде интеграцияланған кеден жүйесі арқылы электронды түрде іске асырылды",- деді.
Иранның кеден транзитін бақылау кеңсесінің басшысы тауар транзитін оң бағалап: "Шетелдік транзит 8 267 953 тоннаға жетіп, 13 пайызға артып, Иранның құрлық және теңіз тауар тасымалдау бөлімінің дамуына себеп болды",- деді.
Тегтер