Ғасеми: Иранның зымырандық бағдарламасы ешбір жағдайда келіссөзде талқыланбайды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i34003-Ғасеми_Иранның_зымырандық_бағдарламасы_ешбір_жағдайда_келіссөзде_талқыланбайды
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы британдық Financial Times газетінің зымырандық бағдарлама тақырыбы мен аймақтық мәселелер бойынша ИИР басшыларының қарқынды да байсалды сұхбаттар өткізуді қабылдауы туралы уәждерін теріске шығарды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 17, 2018 22:14 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Иранның зымырандық бағдарламасы ешбір жағдайда келіссөзде талқыланбайды

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы британдық Financial Times газетінің зымырандық бағдарлама тақырыбы мен аймақтық мәселелер бойынша ИИР басшыларының қарқынды да байсалды сұхбаттар өткізуді қабылдауы туралы уәждерін теріске шығарды.

Иран СІМ-нің ақпараттық дипломатия Бас кеңсесінің мәліметі бойынша Баһрам Ғасеми британдық Financial Times газетінің зымырандық бағдарлама тақырыбы туралы сұхбат өткізуге негізделген уәждерін теріске шығарып: «ИИР-ның зымырандық қорғаныстық бағдарламасы туралы саясаты мен ұстанымы толығымен анық та айқын. Басқа елдер де ИИР-ның осы ұстанымынан хабардар. Иранның зымырандық бағдарламасы толығымен қорғаныстық және тежеуші сипатқа ие, әрі ешбір елге бағытталмаған. Жөнсіз, негізсіз сөздер ИИР-ның принципті де негізгі ұстанымын өзгертпейді. ИИР ешбір елге ішкі істері мен қорғаныстық саясаттарына, әсіресе өзінің зымырандық бағдарламасына араласуға рұқсат бермейді» деді.