Иран пайдалы қазба қоры бойынша әлемнің алдыңғы он елінің қатарында
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i34221-Иран_пайдалы_қазба_қоры_бойынша_әлемнің_алдыңғы_он_елінің_қатарында
Иранның Даму, жаңғырту және кен өнеркәсібі ұйымының басшысы Иранның пайдалы қазба қорының әлемнің алдыңғы 10 елінің қатарында екенін мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 25, 2018 18:25 Asia/Almaty
  • Иран пайдалы қазба қоры бойынша әлемнің алдыңғы он елінің қатарында

Иранның Даму, жаңғырту және кен өнеркәсібі ұйымының басшысы Иранның пайдалы қазба қорының әлемнің алдыңғы 10 елінің қатарында екенін мәлімдеді.

Меһди Карбасиян қазба байлықтары және кен өнеркәсібі саласының белсенділерімен Исфаһан қаласында өткен басқосуда Иранның әртүрлі салалардағы, соның ішінде алтын, хром, мыс пен тас көмір қорының құнын шамамен 50 млрд доллар деп атап: «Иран 58 кен түріне ие болып, оның шамамен 60 млрд тонна пайдалы қазба қоры түрлілігі бойынша әлем елдері арасында оныншы орында орналасқан. Әлемнің пайдалы қазба қорының шамамен 7 пайызы Иранға тиесілі» деді.