Ирандықтардың өмір сүру жасының ұзақтығы артты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i34331-Ирандықтардың_өмір_сүру_жасының_ұзақтығы_артты
Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім министрлігінің ақпарат хатшысы Ирадж Харичи төрт он жылдықтан астам уақытта Иранда өмір сүру жасы ұзақтығының 25 жылға артуын айтарлықтай жетістік әрі таңқаларлық көрсеткіш деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 29, 2018 15:11 Asia/Almaty
  • Ирандықтардың өмір сүру жасының ұзақтығы артты

Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім министрлігінің ақпарат хатшысы Ирадж Харичи төрт он жылдықтан астам уақытта Иранда өмір сүру жасы ұзақтығының 25 жылға артуын айтарлықтай жетістік әрі таңқаларлық көрсеткіш деп атады.

Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім министрлігінің ақпарат хатшысы Ирадж Харичи бүгін дүйсенбі күні тілшілердің ортасында сөйлеген сөзінде елдің денсаулық жүйесінің маңызды мақсатын өмір сүру жасының ұзақтығын арттыру деп атап: «Ислам революциясының жеңісінен бұрын (1979 ж.) өмір сүру жасының ұзақтығы 54 жас болды. Қазір ирандық әйелдер арасындағы өмір сүру жасының ұзақтығы 78 жас, ирандық ерлер арасындағы жас – 73. 40 жылдан астам уақытта ирандықтардың өмір сүру жасы ұзақтығының 25 жасқа артуы экономикалық, әлеуметтік инфрақұрылымдар мен денсаулық саласындағы шаралардың жақсаруына байланысты» деді.