Бүгін хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i34387
Бүгін, сәрсенбі хиджри қамари күнтізбесі бойынша 1439 жылдың джамади аууал айының 13, сәйкесінше 2018 жылдың қаңтар айының 31 – рауаят бойынша, исламның ұлық пайғамбарының қызы және имам Әли (ғ.с.) өмірлік серігі хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 31, 2018 17:01 Asia/Almaty
  • Бүгін хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы

Бүгін, сәрсенбі хиджри қамари күнтізбесі бойынша 1439 жылдың джамади аууал айының 13, сәйкесінше 2018 жылдың қаңтар айының 31 – рауаят бойынша, исламның ұлық пайғамбарының қызы және имам Әли (ғ.с.) өмірлік серігі хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы.

Исламның ұлық пайғамбарының пәк әулетінің жақтастары мешіттер мен басқа да діни мекендерде, сондай-ақ Иранның солтүстік-шығысындағы қасиетті Мешхед қаласындағы имам Реза (ғ.с.)-ның және Құм қаласындағы хазірет Масуменің кесенесінде жиналып, Алла елшісінің қадірлі қызының шәһид болуына қатысты аза рәсімдеріне қатысуда.

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) 18 жасында сол кездегі басшылардан көптеген зұлымдық көріп, әкесі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның  дүние салуына төзе алмай, хиджри қамари жыл санағы бойынша 11 жылы шәһид болды.

ИИР Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігі әлемнің барша мұсылмандарына хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына байланысты көңіл айтады.