Зариф АҚШ-тың Иранға қарсы сөздеріне реакция білдірді
(last modified Wed, 31 Jan 2018 11:29:48 GMT )
Қаң 31, 2018 17:29 Asia/Almaty
  •  Зариф АҚШ-тың Иранға қарсы сөздеріне реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрі Твиттердегі парақшасында АҚШ-тың Иранның Йеменнің Ансаралласына қару-жарақ қолдауы туралы үгіт-насихатына реакция білдірді.

Иран Сыртқы істер министрі Твиттердегі парақшасында АҚШ-тың Иранның Йеменнің Ансаролла қозғалысына қару-жарақ қолдауы туралы сөздеріне реакция білдірді.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні «Твиттердегі» жолдауында АҚШ-тың Иранның Йеменге жіберген қару ретінде көрсеткен темір бөлшектеріндегі Иранның стандарт белгісі туралы: "Стандарт белгісі Иранда қолданылатын тауар сапасын қадағалау үшін қойылады",- деді.

Зариф дүйсенбі күні АҚШ-тың Иранға қарсы сөзіне реакция білдіріп, "Твиттердегі" парақшасында: "Трамп пен жақтастары соғысып жатқан көршілес бір мемлекет ұсынған шындыққа жанаспайтын мәліметтерді пайдаланып, жалған хабар таратып, Қауіпсіздік кеңесінде Ираннан қорқытатын кеңістік қалыптастыруды көздеуде. Бірақ, олардың  істері тек Иранның дәрменсіз көршісі мен оның одақтастарын қанағаттандырады",- деп жазған болатын.

 

 

Тегтер